Экскурсия кестесі:

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы келушілерді аптаның дүйсенбісінен басқа күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз қабылдайды.

Экспозицияларға сағат 17.15-ке дейін кіруге болады. 10 адамнан асатын топтарға шолу және тақырыптық экскурсиялар алдын ала өтінім бойынша сағат 10.30; 12.00; 14.30; 16.00 қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Экскурсиялар 45–50 минутқа созылады.

Экскурсияларға өтінімдер Ә. Бөкейхан көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Назарбаев орталығы ғимаратындағы Кітапханада +7 (7172) 23-51-25, 8 800-080-15-05 телефон нөмірлері арқылы қабылданады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы ғимаратына кіру тегін. Ғимаратқа кіру кезінде жеке куәлікті көрсетіп, тексерістен өту қажет екенін назарға алуды өтінеміз.

Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында жүргізілетін экскурсияларға өтінімдер Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан (кіреберіс Абай даңғылы жағынан) 75-12-96, 75-12-76, 75-12-92 телефон нөмірлері арқылы қабылданады.

Әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 14.00-ден 17.15-ке дейін Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы Резиденциясымен танысуға болады: Президенттің жұмыс кабинеті, Камин залы, Қысқы бақ және т.б.

Елбасының кітапханасы Музейінің ғимаратына кіру тегін.

 

Оқырмандар залы жұмысының кестесі:

 

күнделікті сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін; сенбі, жексенбі демалыс күні.

 

Виртуалды анықтама қызметі 24/7 тәртібінде librarian@plibrary.kz электрондық адресі және жұмыс күндері сағат 9.30-дан 18.00-ге дейін 693033; +78000801505 телефон нөмірлері бойынша қолжетімді. Мереке күндері сұранымдар 15.00-ге дейін қабылданады. Мереке және демалыс күндері түскен сұранымдар келесі жұмыс күндері қаралады.