2019 жылғы 19 сәуір күні, 17-00 сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы кітапханасыың музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11 үй) Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, көркем суретші Мұхтар Қайратұлы Байбосынның «Өнерлі елдің оты сөнбес» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрме Елбасы кітапханасының серіктестік жобасы аясында қазіргі заманғы бейнелеу өнеріне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады.

Көрмеде суретшінің 30-дан астам графикалық және кескіндемесі екі негізгі тақырып бойынша ұсынылады: даңқты батырлардың, дәстүрлі поэтикалық және қазақ музыка өнерінің дамуына салмақты үлесін қосқан XIX - XX ғасырдағы мәдениет қайраткерлері; Ұлы даланың керемет  көріністері.