10 қаңтар күні, 11.00 сағатта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, белгілі ақын және публицист Өтеген Оралбайұлы Оралбаевпен кездесу өтеді.

Елбасы кітапханасының қызметкерлері, Астана қаласының гимназия мектептері оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен өтетін кездесуде Өтеген Оралбайұлы шығармашылық жолы, «Серпер сезім» жинағына енген ұлтымыздың    зиялы қауымының атақты да белді өкілдері, мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлері туралы әңгімелейтін болады.

Сондай-ақ, осы күні Өтеген Оралбаевтың кітаптарының көрмесі өтеді.