Құрметті пайдаланушылар!

 

Электронды каталогта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Жеке архивінің (бұдан-әрі Жеке архив) ашық құжаттар Тізбесі ұсынылған. Қолданушы е-Архивта осы Тізбемен таныса алады. Бұл үшін жүйеге "Қонақ ретінде кіру " режимінде кіру қажет.

Электрондық істерге қол жеткізу үшін электрондық нысанда тіркелуге өтініш беріп белгіленген үлгідегі өтінімді толтыру керек.

Өтінім берілгеннен кейін жауапты архив қызметкері өтінімді қарап, мақұлдайды және оны пайдаланушының тіркеу туралы электрондық поштасы бойынша хабардар етеді.

Осыдан кейін пайдаланушыға одан әрі құжаттармен жұмыс істеу үшін алдын ала сұрау, танысу мүмкіндікгі беріледі.

Пайдаланушылардың жеке архивтің құжаттарымен жұмыс жасау тәртібі, олардың құқықтарымен міндеттері "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мемлекеттік мекемесінің" ғимаратында болу және " Жеке кітапхана мен Жеке архивті пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының" ережесіне байланысты анықталады.

Сіздің архивтағы жұмысыңыз табысты болу үшін Жадынамен танысыңыз.

Пайдаланушының Жадынамасы.pdf