«Петриков жазуы – адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы»

3-13 сәуір 2017 ж.
 
«Петриков жазуы – адамзаттың  материалдық емес мәдени мұрасы»
 
Галины Назаренконың шеберлік-сыныбының топтамасы және жеке көрмесі
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Музейінің ғимаратында украин суретшісі, Украинаның Ұлттық суретшілер одағының мүшесі, Морестен қаласының (2013, Франция) заманауи өнер Ассоциациясының мүшесі Назаренко Галина Алексеевнаның «Петриков жазуы – адамзаттың  материалдық емес мәдени мұрасы» атты шеберлік-сыныбының топтамасы және жеке көрмесі өтті.
 
Көрме музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Украинаның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 
 
2013 жылы 5 желтоқсанында Петриков жазуы ЮНЕСКО-дағы адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы бойынша Репрезентативтік тізіміне енгізілді.
 
Шебелік-сыныптар барысында Галина Назаренко петриков жазуының шығу тарихымен, оның орындалу техникасын және украин халқының мәдени өмірінде алатын орнымен таныстырды: «Петриков жазуы – бұл мен үшін украин халқының ұлттық өнерін насихаттауға бағытталған өмірімнің бір бөлігі. Кез келген халықтың мәдениеті мен тілі ұмытылса ұлт жойылады. Тіл және мәдениет – бұл әр ұлттың болашағын айқындайтын негізгі екі басымдық. Туысқандарымның қолдауының арқасында мен көп саяхаттап, ел аралап әлемнің әр елдерінде украин халқының өнерін насихаттаймын.
 
Бірегей әрі ерекше петриков жазуы өнері запорожье казактарының ортасынан шыққан, бұл «украин бароккосы». Біздің аймақ ешқашан крепостнойлық құқықты білмеген, адамдар азат әрі ерікті өмір сүрген. Әрқашан өздерін және өздерінің үйлерін көрсетуге тырысқан. «Петриков чапорушкалары» XVΙΙΙ ғасырдан белгілі. «Чапорушки» украиннің «причепурити» сөзінен аударғанда - әсемдеу деген мағынаны білдіреді. Ол бірінші кезекте пешті әсемдеуге арналған. Пасха, Рождество сынды мейрамдарда пешті ақтап, әр түрлі өрнектер салынатын. Кейін өрнектер сандықтарға салына бастады. Уақыт өте келе үйге, киімдерге, ыдыс-аяққа және т.б. өрнектер салынды. Мысалға, ерекше әдіспен нанға арналған ағаш табақшалар безендірілетін - оларда екі крест бейнеленетін. Төрт бұрышты крест ер адамды, ал жартылай домалақ крест әйел адамның қуатын көрсететін. Олар кәдесый ретінде қабырғаға ілінетін және кеңістікті айқыштайтын.
 
Петриков жазуларының ерекшелігі – ашық, таза түстердің қолданылуында. Петриков жазулары – жанұяны, бақытты, сұлулықты, аналық сезімдерді көрсететін позитивті сюжеттерге толы. Петриков жазуларының сюжеттері әр түрлі: табиғи көріністер, олардың қатарында қораздардың, көкектердің, бүргендердің және т.б. суреттері бар. Барлығы суретшінің талғамына байланысты. Петриков жазуларының тағы бір маңызды ерекшелігі, оның саусақтармен немесе мысықтық жүнінен жасалған қылқаламмен салынуында». 
 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы директорының орынбасары Күляйша Ақтаева көрменің ашылуындағы өзінің алғы сөзінде: «Бүгін біз дүниежүзінің мәдени мұрасының үлгісіне арналған көрмемізді ашудамыз. Адамзаттың мәдени мұрасының байлығы мен алуантүрлілігі халықтар арасындағы сұхбаттың негізі болып табылады. Өзге халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрыптарын білу өзара татулықтың және сыйластықтың негізі. ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының «Мәденит арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында ұйымдастырылған іс-шаралар осының айқын белгісі.
 
Петриков жазуы сынды халықтық сәндік-қолданбалы өнер жайлы айтқанда бірден Украинаның бейнесі елестейді. Өкінішке орай көрме жылжымалы болғандықтан оның экспозицияда орналасу уақыты аз болды. Бізден кейін көрме Австрияға барады. Бірақ біз шеберлік-сыныптарын ұйымдастырамыз». 
 
Петриков жазуы сынды халықтық сәндік-қолданбалы өнер жайлы айтқанда бірден Украинаның бейнесі елестейді. Өкінішке орай көрме жылжымалы болғандықтан оның экспозицияда орналасу уақыты аз болды. Бізден кейін көрме Австрияға барады. Бірақ біз шеберлік-сыныптарын ұйымдастырамыз».
 
Украина істері жөнінде Қазақстан Республикасындағы Уақытша өкілі Владимир Джиджора  көрменің ашылуындағы сөзінде: «Петриковка ауылы 1772 жылы қазіргі Днепропетровск облысында негізі қаланған болатын. Алғашқы жұмыстар 1860 жылдан бастап белгілі болды. Петриков жазуының алғашқы академиялық көрмесі 1913 жылы Петербургте ашылды. Петриков жазуы өнері христиандық кезеңге дейін көктемде тойланатын жаңа жылмен байланысты болды. Бұл қазіргі уақытқа дейін сақталған ежелгі әрі бірегей техника. Айта кететін бір жайт, Назаренко Галина әр түрлі арт-жобалардың ұйымдастырушысы болып табылады. Өздерінің өнеріне көпшіліктің назарын аудару мақсатында петриков жазуының шеберлері көлемі 120 метрден асатын кенепке өрнектер салды. Бұл қолмен салынған әлемдегі жалғыз туынды. Сонымен қатар, Назаренко Галина Киевтегі шіркеуді өрнектерін қолмен салған болатын. 
 
Көрменің және шеберлік-сыныптарын өткізуге бастама болған Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігінің 3-і хатшысы Ирина Блащук үлкен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізді: «Бұл көрмені ұйымдастыру идеясы былтырғы жылы туындаған болатын. Үйден алыс жүргенде әрқашан Отаның еске түседі. Қазақстандағы достарыңды өз еліңнің мәдениетімен таныстырғың келеді. Галина Алексеевнаға үлкен рахмет. Ол жоспардағы халықаралық көрмелердің тығыз кестесіне қарамастан, Пекин мен Вена арасында көрменің Астанаға келуіне септігін тигізді. Бұл біздің Қазақстандағы соңғы көрмеміз емес деп үміттенеміз.
 
Менің ойымша шеберлік-сыныптары көркемөнер мектептерінің оқушыларына қызықты болуы тиіс. Олар петриков жазуы өнерін үйреніп қана қоймай сонымен қатар, оны өздерінің шығармашылықтарында пайдаланады деп үміттенемін. Мүмкін осы шеберлік-сыныптары олардың болашақ шығармашылықтарында өшпестей із қалдырып, олардың өнерлері петриков жазулары сында жарқын әрі позитивке толы болуына сенемін.
 
Ирина блащук экспозицияда орналасқан әр жәдігердің мағынасын түсіндіріп өтті: «Украинада сүлгі үлкен символикалық маңызға ие: бала туу, шоқындыру, той, жерлеу және т.б. адам өміріндегі маңызды оқиғалар сүлгісіз өтпейді. Әр отбасында нақты бір сүлгімен белгілі бір оқиға байланысты. Сүлгілер ұрпақтан ұрпақа беріліп отырады. Сүлгілердің өрнектелуіне үлкен назар аударылады. Тоқылған әр өрнектің өзіндік мағынасы болады. Мысалға бүрген өсімдігі – әйел адамның нәзіктігін, ал емен ағашы ер адамға тән мықтылықты білдіреді, ал иіреленген сызықтар шексіздіктің белгісі.
 
Петриков жазуы алғашқы рет украиналық үйдің ақ қабырғасына және украин халқының үй жиһаздары мен музыкалық аспаптарының арасында салынды. Үй иесі өсімдіктердің майына жұмыртқаның сарыуызын қосып осы табиғи бояулармен үйдің ішкі және сыртқы бөлігіне сурет салған. Бұл суреттер ұзақ уақытқа есептелмеген болатын. Уақыт өте келе, жылына бір рет барлық бояулар өшіріліп олардың орнына басқа суреттер салынатын. Бұл адамның өзінің ішкі жандүниесін жаңартуға және қоршаған ортасының өзгерту қажеттілігіне сай болатын. Әр әйел  үйінің ішкі бөлігін өз мүмкіндігінше, яғни әлемге өзінің талғамын, ынтызарлығын, руханилығын оның үстіне әрқайсысы мұны өзінің көршісінен ерекше жасауға талаптанатын болған. 
 
Петриков өнерінің негізінде, туған табиғатты бейне бір қабылдаушылық, украин жеріне деген сүйіспеншілік жатыр. Жазуларда бейнеленген бірде-бір қолданыстағы қайталанбайтын түрлер, суретшіні қоршаған өсімдіктер Петриков кескіндемесінің классикалық элементтері болып табылады. Өрнектердің мотиві, ашық та қанық реңді басымдығын беріп қана қоймайды, оның ғажайып шығармашылық идеялар тұтастығына да назар аудартады. Ал бір қарағанда суреттің қарапайымдылығы соншалық оның астарында, суретшінің қаншалықты өте ұсақ бөлшектерді бейнелеген тынымсыз еңбегі мен ұзақ тер төккен жұмысының шындығы  жатыр. Әлбетте, және дәл солай ғажайып нәрсе дүниеге келуі де тиіс, өйткені ол  көзімен ғана емес, жан-жүрегімен қабылдауы. Көркем жазудың негізгі ерекшелігі, дала гүлдері, шәңгіш бұтақтары, пиондар, ақкекірелер болып табылады.
 
XIX ғасырдың басында  петриков жазуына деген құштарлық үй жабдықтарында – ыдыс-аяқта, сандықтарда, көк арбаларда кеңінен қолданылды. Мұндай әшекейге деген қажеттілік, өздерінің қолынан шыққан осыған ұқсас заттарын базарға шығарып жүрген бүтін бір отбасының айналысуына себеп болған.   Ал ол уақытта Петриков деген ірі сауда орталығы болатын, ауылдық суретшілердің жұмыстары Украинаның басқа өңірлерінде танымалдығымен көңілден шығып жатқан кезі.
 
Петриков жазуы 50-шы жылдардың аяғында қалай қалыптасты, ол кезде «Вільна селянка» (одан кейін – фабрикасы «Достық») көркем-кәсіпшілік артелі жанынан, кестеленген бұйымдар шығарудан маманданған, кәдесыйлар шығаратын цех ұйымдастырылған болатын. Үзбей жұмыс істей бастаған халық кәсіпшілігін – белгілі бір үлгіде бекіткеннен кейін, оның шектеусіз таратылымын арттырды.
 
1991 ж. «Петриков» атты халықтық өнер орталығы пайда болды, ол  халық шеберлерінің меншігіндегі, Украинадағы алғашқы кәсіпорын еді.
 
Экспозицияға ұсынылған жұмыстардың авторы Галина Назаренко 1968 жылы 18 қарашада Днепропетровск облысының Петриков ауылында дүниеге келген.          Т. Я. Пати атындағы Петриков балалар көркемсурет мектебі мен Миргородтық керамикалық техникумын бітірген. Қазіргі таңда, Галина Алексеевна қазіргі заманғы танымал петриковтық шеберлердің бірі болып табылады.  Қоржынында бірнеше ондаған көрмелер бар: оның ішінде 30 –дан аса жеке, әлемнің көптеген елдерінде – Украинада, Францияда, Болгарияда, АҚШ-та, Канадада, Қытайда, Грузияда, Беларусияда, Кувейтте, Өзбекстанда,  Түркменстанда, Испанияда, Грецияда, Нидерландыда, сонымен қатар үш шіркеудің интерьерін бейнелеуге қатысқан: Қасиетті Юрий (Киев, 2011), Шевченково ауылындағы Покров шіркеуі (Киев обл., 2014), Әулие Трапез (2015) және Париждегі Украин мәдени орталығы (Франция, 2012).
 
Көрме экспозициясында автордың 50-ден астам жұмысы ұсынылды,  олардың әрқайсысы аңызға айналған аға буын шеберлерінің болмысы мен сабақтастығының ең жақсы дәстүр жалғастығын бейнеледі. Галина Назаренконың әрбір туындысы –бұл туған өлкеге деген сұлулық әуенін жеткізу мен мерекені сезіну.