Президент және тәуелсіздік

Президент және тәуелсіздік: библиографиялық көрсеткіш/ жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева. – Астана: ҚР ТПМ, 2011.
«Президент және тәуелсіздік» аңдатпалы библиографиялық көрсеткішіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі кітапханалық қорындағы тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасу тарихына арналған материалдар енгізілген. Материалдарды іріктеуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа сыйға берілген музейлік мәні бар қолтаңбалы авторлық кітаптарға ерекше көңіл бөлінді.
Көрсеткіш рет саны бойынша нөмірленіп, авторлар мен кітаптар атауларының әліпби көрсеткіші берілген.
Басылым көпшілік оқырмандарға арналады.