Президент және тәуелсіздік. Ғылыми-қор жинағы

Президент және тәуелсіздік. Ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева. – Астана, 2011.
Музей жиынтығы экспонаттары мен материалдарын музейтану тұрғысынан зерттеу жинағы «ҚР Тұңғыш Президент Музейі коллекциясынан» сериясын жалғастырады. Басылым Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған. Коллекция құрамы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдегі Қазақстан Республикасы дамуының негізгі басымдықтарын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елімізбен ынтымақтастықта жұмыс істейтін мемлекеттердің бірінші басшыларымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерімен өзара қарым-қатынасының сипаты мен стилін мейлінше жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді.
Жинақ материалдары тарихшылар, этнологтар, саясаттанушылар, тарих мамандықтарының студенттері, музей қызметкерлері үшін қызығушылық тудырады.