Кітапхана басылымдары

Елбасы және тәуелсіздік

Елбасы және тәуелсіздік: «дөңгелек үстел» материалдары / ғыл. ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012. Жинаққа Тәуелсіздік күніне арналған «Елбасы және тәуелсіздік» атты «дөңгелек үстел» материалдары енгізілді.

Көшбасшылық және тұлға

Көшбасшылық және тұлға: ғылыми басылым / жалпы редакциясын басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.

Музей сабақтарының жинағы

Музей сабақтарының жинағы / жалпы редакциясын басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012. Бұл жинаққа келешек ұрпақтың ұлттық бірлігі жарасқан, бүкіл халқы экономикалық әл-ауқатты, тәуелсіз, саяси тұрақты, демократиялық мемлекет құру мен оны дамытудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметін жүйелі түрде зерттеуге әрі тарихи рөлін танып-білуге ықпал ететін сабақтар мен сабақ сценарийлері жинақталған.

Еуразиялық ықпалдастық жолында

Еуразиялық ықпалдастық жолында: ғылыми мақалалар жинағы / ғыл. ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012. Ғылыми мақалалар жинағы «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және елдің сыртқы саяси стратегиясының қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі: ұжымдық монография / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012. Осы ұжымдық монография Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның нығаюы» ғылыми бағдарламасының «Тұңғыш Президент және Қазақстан Республикасы сыртқы саяси стратегиясының қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

Президент және қоғамдағы келісім

Президент және қоғамдағы келісім: фотоальбом / авт.құраст. М.Ә. Шүлембаев: жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012. «Президент және қоғамдағы келісім» фотоальбомы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлі» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.