Кітапхана басылымдары

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жинағының музейлік коллекциялар тізімдемесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жинағының музейлік коллекциялар тізімдемесі / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 88 б. Басылым музей жинағын көпшілікке жария ету қызметін жүзеге асыру мақсатында дайындалды. Каталог музей топтамаларын жүйелеу бойынша тұрақты жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне 10 жыл: буклет

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне 10 жыл: буклет / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. –134 б. Буклет 2004 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдығына арналған.

Тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері

Тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жұмыс тәжірибесінен) / авт.-құраст.: Р. Казбекова; жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 46 б. Аталмыш брошюра Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі білім бағдарламасының «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н. Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, жағдайы және перспективалары: ғылыми-қор жинағы

Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, жағдайы және перспективалары: ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған С. Т. Нұраханов, А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова; авт.-құраст.: Н. Қ. Мусина, Г. А. Рамазанова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2014. – 204 б.