Кітапхана басылымдары

Музей сабақтарының жинағы

Музей сабақтарының жинағы / жалпы редакциясын басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012. Бұл жинаққа келешек ұрпақтың ұлттық бірлігі жарасқан, бүкіл халқы экономикалық әл-ауқатты, тәуелсіз, саяси тұрақты, демократиялық мемлекет құру мен оны дамытудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметін жүйелі түрде зерттеуге әрі тарихи рөлін танып-білуге ықпал ететін сабақтар мен сабақ сценарийлері жинақталған.

Еуразиялық ықпалдастық жолында

Еуразиялық ықпалдастық жолында: ғылыми мақалалар жинағы / ғыл. ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012. Ғылыми мақалалар жинағы «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және елдің сыртқы саяси стратегиясының қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі: ұжымдық монография / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012. Осы ұжымдық монография Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның нығаюы» ғылыми бағдарламасының «Тұңғыш Президент және Қазақстан Республикасы сыртқы саяси стратегиясының қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

Президент және қоғамдағы келісім

Президент және қоғамдағы келісім: фотоальбом / авт.құраст. М.Ә. Шүлембаев: жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012. «Президент және қоғамдағы келісім» фотоальбомы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлі» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

Алға ұмтылған Қазақстан

Алға ұмтылған Қазақстан. Аймақаралық (Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары) көрмелер каталогі / Жалпы редакциясын басқарған: А. Сағынғали, К. Ақтаева; құрастырушылар Н. Шырымбаева, Б. Хасенова, Ш. Кұнанбаева, Ж. Аубакирова. – Астана: ҚР ТПМ, 2011.

Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі

Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Астана қаласы, 21 қараша 2011 ж. Путь независимости: история, реалии и перспективы: мат. Международной науч.-практ. конф., г. Астана, 21 ноября 2011 г. / Ғыл. ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2011 – қазақша, орысша. Жинаққа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары еніп отыр.

Қазақстан астанасының көз тартар көрікті жерлері

Қазақстан астанасының көз тартар көрікті жерлері. Анықтамалық-әдістемелік материал / Жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова; құрастырушы-автор Н. Мусина. – Астана, 2011. Бұл кітапша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және тәуелсіз мемлекеттіліктің жаңғыруы» ғылыми жобасы аясында дайындалды.

Музей жинақтарын есепке алу мен экспонаттауды ұйымдастыру

Музей жинақтарын есепке алу мен экспонаттауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің нормативтік және әдістемелік әзірлемелерінің жинағы/жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, К. Ақтаева. –Астана, 2011.

Беттер