Кітапхана басылымдары

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің 2010 жылы атқарған қызметі туралы БАҚ материалдарының жинағы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің 2010 жылы атқарған қызметі туралы БАҚ материалдарының жинағы / жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2011. Жинақта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2010 жылы атқарған қызметіне қатысты БАҚ материалдары ұсынылған.

Астана: Елорданы құру кезеңдері

Астана: Елорданы құру кезеңдері. Ақпараттық-анықтамалық басылым / жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б. М. Қайыпова; автор-құрастырушы Н.Қ. Мусина. – Астана, 2011. Басылым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Тұңғыш Президент және тәуелсіз мемлекеттіліктің өркендеуі» ғылыми жобасы аясында дайындалды. Оқырман назарына хронологиялық тәртіпте баяндалған, Қазақстан елордасы Астананың жаңа тарихының басты оқиғалары ұсынылған.

Президент және тәуелсіздік

Президент және тәуелсіздік: библиографиялық көрсеткіш/ жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева. – Астана: ҚР ТПМ, 2011. «Президент және тәуелсіздік» аңдатпалы библиографиялық көрсеткішіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі кітапханалық қорындағы тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасу тарихына арналған материалдар енгізілген. Материалдарды іріктеуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа сыйға берілген музейлік мәні бар қолтаңбалы авторлық кітаптарға ерекше көңіл бөлінді.

Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Қазақстандағы тұрақтылықтың негізі

Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Қазақстандағы тұрақтылықтың негізі. Буклет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» ғылыми жобасы бойынша дайындалды.

Қазақстан және мұсылман әлемі

Қазақстан және мұсылман әлемі: фотоальбом / автор-құрастырушы А. Режапов; жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б.Қайыпова. – Астана, 2011. «Қазақстан және мұсылман әлемі» фотоальбомы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және елдегі сыртқы саяси стратегияның қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

«Тарих. Тарихи ғылымдар» және «Көркем әдебиет (шығармалар)» бөлімдері бойынша көпшілік кітапханалар үшін кітапханалық-библиографиялық топтастырылым кестелеріне толықтырулар

«Тарих. Тарихи ғылымдар» және «Көркем әдебиет (шығармалар)» бөлімдері бойынша көпшілік кітапханалар үшін кітапханалық-библиографиялық топтастырылым кестелеріне толықтырулар/жалпы редакциясын басқарған А.С. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева. – Астана, 2010.       Көпшілік кітапханалар үшін КБТ кестелеріне ұсынылған толықтырулар «Тарих. Тарихи ғылымдар» және «Көркем әдебиет (шығармалар)» бөлімдерінің мазмұны мен құрылымына орай, кітапханалық қордың сапалы ұйымдастырылуына (рубрикация) арналған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорындағы еңбектері: каталог.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорындағы еңбектері: каталог. Труды Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева в фондах Музея Первого Президента Республики Казахстан: каталог/жалпы редакциясын басқарған А.С. Сағынғали, Б.Ғ. Мұхамеджанов, К.Қ. Ақтаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2010.

Отбасында, мектепте және әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары. Ғылыми-тәжірибелік семинар материалдары.

Отбасында, мектепте және әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары. Ғылыми-тәжірибелік семинар материалдары./ ғыл. ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2010. – Қазақша, орысша.

Құрмет пен сыйластық белгісі... (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тарту етілген дипломатиялық сыйлықтар)

Құрмет пен сыйластық белгісі... (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тарту етілген дипломатиялық сыйлықтар): альбом / жалпы редакциясын басқарған Б. Ғ. Мұхамеджанов, А.С. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева). – Астана, Алматы, 2010.       Альбом Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, саясаткерлердің, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерінің тарту еткен сыйлықтары көрініс тапқан алғашқы иллюстративті басылым болып табылады.

Беттер