Кітапхана басылымдары

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің еңбектері» каталогы

      Каталогта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің кітапхана қорында сақтаулы әлемнің алуан тілдерінде жарық көрген еңбектерінің библиографиялық сипаттамалары ұсынылған.       Барлық ғылыми-педагогикалық кадрларға, студенттер мен оқушы жастарға, қалың оқырман қауымға арналған.

«ҚР ТПМ коллекцияларындағы әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» ғылыми-қор жинағы

«ҚР ТПМ коллекцияларындағы әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» ғылыми-қор жинағы       Жинақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекцияларындағы неғұрлым қызықты экспонаттармен таныстыруды жалғастырады. Азия, Еуропа, Америка халықтарының рухани мәдениетінің жарқын үлгілері суретшілердің, мүсіншілердің туындылары мен зергерлік бұйымдарына сыйғызылып, жинақталған. Жер шарының алуан түрлі өңірлерінің материалдық мәдениеті қазіргі заманғы өркениеттің қалыптасуы мен дамуының тарихи, шаруашылық ерекшеліктерін көрсетеді.

«ҚР ТПМ коллекцияларындағы Қазақстан тарихы мен мәдениетінің бұйымдары» ғылыми-қор жинағы

Жинақта Музей сақтаушыларының Қазақстанның тарихи-мәдени дамуының әр алуан кезеңдерінің ерекшеліктерін бейнелейтін экспонаттар туралы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылған. Жүйелендірілген ғылыми деректер халықтың күнделікті өмірін, тұрмысын, Даладағы билік пен басқару дәстүрлерін, егемен Қазақстанның жетістіктерін қайтадан көз алдыңызға әкелуге мүмкіндік береді.

«Туған жерім-2007»: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған астаналық сурет конкурсы жеңімпаздары мен қатысушылары суреттерінің жинағы

«Туған жерім-2007»: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған астаналық сурет конкурсы жеңімпаздары мен қатысушылары суреттерінің жинағы       Жинақ «Туған жерім-2007» астаналық сурет конкурсының қорытындысы бойынша іріктелген ең үздік жұмыстарды қамтиды.       Жинақ қалық оқырман қауымға арналған, балалар шығармашылығын дамытуға, адамгершілік құндылықтарды насихаттауға, қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеуге арналған.

Музей сабақтарының жинағы.

Музей сабақтарының жинағы. Сборник музейных уроков       «Музей сабақтарының жинағына» сабақтардың, сыныптан тыс іс-шаралардың әзірлемелері енгізілді. Оқу құралы ұстаз бен оқушы қызметі нәтижесінің тиімділігін қамтамасыз етудің сынақтан өткен және нақты тұжырымдалған тәсілдерінен тұрады. Жинақта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің, мемлекеттік құрылымдардың және білім беру мекемелерінің қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыру, қоғамның тарихи танымы мен мәдениетін тәрбиелеу мәселелері бойынша бірлескен жұмыс тәжірибелері жинақталған.

«Музей экспозицияларындағы тәуелсіздік дәуірі» кітапшасы

«Музей экспозицияларындағы тәуелсіздік дәуірі» кітапшасы       Бұл кітапша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми бағдарламасының «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы» ғылыми жобасын іске асыру аясында дайындалды.       Кітапшада музейде ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициясы арқылы тәуелсіздік дәуірінің құжаттық-суреттік динамикасы сипатталады.       Еңбек көпшілік оқырманға арналған.

«Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.

«Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.       Жинаққа Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 5 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары енгізілді.

«Алға ұмтылған Қазақстан» аймақаралық көрме жобасының каталогтары

«Алға ұмтылған Қазақстан» аймақаралық көрме жобасының каталогтары:       «Сыр бойы тұнған шежіре» - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан;«Жайық жағалауы сыр шертеді» - Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Ш.Сариев атындағы бейнелеу өнері музейінің қорынан.                            

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекцияларындағы әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» ғылыми-қор жинағы.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекцияларындағы әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» ғылыми-қор жинағы.       Жинақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекцияларындағы неғұрлым тартымды жәдігерлермен таныстырады. Азия, Еуропа, Америка халықтарының рухани мәдениетінің жоғары үлгілері суретшілердің, мүсіншілердің, зергерлердің бұйымдары арқылы нақтылы көрсетілген. Жер шарының түрлі аймақтарының материалдық мәдениеті қазіргі өркениеттің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи, шаруашылық ерекшеліктерді бейнелейді.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекцияларындағы Қазақстан тарихы мен мәдениетінің бұйымдары» ғылыми-қор жинағы.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекцияларындағы Қазақстан тарихы мен мәдениетінің бұйымдары» ғылыми-қор жинағы.       Жинақта Музей коллокцияларын жинақтаушылардың Қазақстанның тарихи-мәдени дамуының алуан түрлі кезеңдерінің ерекшеліктерін көрсететін жәдігерлер туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылған. Жүйеленген ғылыми деректер егемен Қазақстанның жетістіктерін, Дала билігі мен басқару жүйесіндегі дәстүрлерді, халықтың күнделікті өміріндегі картиналарды қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Беттер