Кітапхана басылымдары

«Музей сабақтарының жинағы. 2007-2008 оқу жылы».

«Музей сабақтарының жинағы. 2007-2008 оқу жылы».       «Музей сабақтарының жинағына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қабырғасында өткізілген сабақтардың әзірлемелері, сыныптан тыс іс-шаралардың сценарийлері енген. Қазақстандық патриотизм, азаматтылық, тарихи сананы тәрбиелеу мәселелері бойынша Музей, мемлекеттік құрылымдар және білім беру мекемелерінің бірлескен қызметінің тәжірибесі жинақталған.       Басылым оқытушылар, әдіскерлер, педагогтер мен психологтар, сонымен қатар жастар үшін қажетті құрал болып табылады.

«Стратегиялық мемлекеттік басқару моделінің қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» баяндамалар мен мақалалар жинағы.

«Стратегиялық мемлекеттік басқару моделінің қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» баяндамалар мен мақалалар жинағы.       Негізгі назар Қазақстандағы стратегиялық мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу, даму және тиімділігі мәселелеріне аударылады. Жинақ авторлары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев еңбектері мен оның Қазақстан халқына Жолдауларында тұжырымдалған экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін, жергілікті өзін-өзі басқарудың даму келешегін зерттейді.       Қалың оқырман қауымға арналған.

«Тәуелсіз Қазақстанның саяси жаңғыруы» баяндамалар мен мақалалар жинағы.

Жинақ материалдары қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы, саяси жүйенің эволюциясындағы саяси үдерістер мен демократиялық дәстүрлерді зерттеуге және талдау жасауға арналған. Авторлар парламентаризмнің қалыптасуына, азаматтық қоғам институттарының дамуына, республикадағы партиялық-саяси жүйенің ерекшеліктеріне және қоғамдық сананың өзгеруіне айрықша көңіл бөледі.       Жинақ саясаткерлер, тарихшылар, студент және оқушы жастар үшін, сонымен қатар Қазақстан Республиңкасындағы жаңғыру үдерістерінің даму ерекшеліктеріне қызығушылық танытатын қалың көпшілікке арналған.

«Тұңғыш Президент және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» ұжымдық монографиясы.

Бұл ұжымдық монография Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі бастамашылығымен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми бағдарламасын әзірлеу аясында дайындалды. Монография Қазақстан Республикасында сапалы жаңа құқықтық кеңістіктің қалыптасуы мен дамуының негізгі мәселелерін қарастыратын белгілі саяси және мемлекеттік қайраткерлер, жетекші ғалымдар мақалаларынан тұрады.

2007

• «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі» кітап-альбомы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). • «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинағынан қару-жарақ коллекциясы» буклеті (қазақ, орыс тілдерінде). • «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинағынан Бронислав Залесскийдің жұмыстары» альбомы (қазақ, орыс тілдерінде).

ЕЛБАСЫ: ӨМІРБАЯНЫ, БАСТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ САЯСИ ҰСТАНЫМЫ. ЗАМАНДАСТАР ЕСТЕЛІКТЕРІ

Елбасы: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы. Замандастар естеліктері / Автор-құраст. Л. Омарова; жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана, 2015. –132 б. Жинақ «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасы «Әлем Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев туралы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

Беттер