«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» және «Астана қаласының Білім басқармасы» ұзақ мерзімді  «Мектепаралық музейаралық регата» жобасының басталғаның хабарлайды.

Жобаның мақсаты: Елбасы – Кітапханасының музей жинағын Астана қаласының мәдени-білім беру бірыңғай ортасына кіріктіру жолымен көпшілікке насихаттау.

Жобаның жүзеге асуы әлеуметтік-мәдени өмірді, «музей-аралдарда» сақталған мәдени мұраны бірегей материалдар арқылы ұйымдық әрекеттестік негізінде қабылдауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, оқушылардың бойында өз Отанының тарихи-мәдени мұрасына құрметпен қарау, музей құндылықтарына қызығушылықтарын қалыптастыру, бастаған істі аяғына дейін жеткізу дағдыларын, оқушылардың өзін-өзі жан-жақты көрсетіп, ой-қиялдарының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету жолында мектеп музейлеріне әдістемелік-кеңес беру көмегін көрсетеді.

Ойын-саяхат 2 кезеңде өтеді.

Бірінші кезеңнің бағдарламасы аясында оқушылар 2018 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейінгі аралықта «Ерекше қойма», «Мәдениеттердің калейдоскопы», «Естелік, даңқ, ерлік» атты тақырыптық бағыттар бойынша музейлерге барады.

Музейлерді аралау кезінді экипаж-сайыскерлер музей сақтаушылары тарапынан өз экспозициялары мен экскурсиялары негізінде әзірленген ойын бағыттарының тапсырмаларын орындайды.

Бағыт «АЛЖИР» (Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешені) аралына барумен аяқталады.

Регатаның бірінші кезеңінің жеңімпаздары «Архипелагқа» шақыру алады. Музей сақтаушылары финал қатысушыларына қызықты тапсырмалар әзірлейді: «Архипелагта» орналасқан объектілерді зерттеу, сөзжұмбақтар, логикалық тапсырмалар, зияткерлік викториналар.

Регата жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік Күні қарсаңында өтеді.

Регатаға мектеп атынан жеті адамнан тұратын тек бір экипаж ғана қатыса алады.

Қатысушылардың жасы: 7-8 сынып оқушылары.

Регатаға өтініш 2018 жылдың 20-қыркүйегіне (қоса алғанда) дейін тікелей келу арқылы немесе поштаға жіберу арқылы келесі мекенжай бойынша қабылданады:

Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11., индекс 000001.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ.

Байланыс телефондары: (7172) 75-13-70; 75-12-12 .

e-mail: cmp_museum@mail.ru.