Ресей этнографиялық музейінің (Санкт-Петербург қаласы) қор жинағынан «Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрме.

3 қазан – 31 қазан 2014 ж.

Ресей этнографиялық музейінің (Санкт-Петербург қаласы) қор жинағынан «Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрме.

      «Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрме Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Ресей этнографиялық музейімен бірлесіп ұйымдастырылды.
    «Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» көрмесі келушілерді Бұхар әмірлігіндегі билеуші топтардың тұрмысында орын алған, бір жағынан тұрмыстық заттар ретінде қолданылған, екінші жағынан мәртебесінің жоғарылығын көрсететін орта азиялық дәстүрлі мәдениет ескерткіштерімен таныстыруды көздеген. Билік элитасы көп еңбекті қажет ететін қымбат бұйымдардың негізгі тұтынушысы болды: салтанатты киімдер, ат-әбзелдері, зергерлік әшекейлер. Бұл заттардың маңызды бөлігі дипломатиялық сыйға арналған. Мұндай бірегей заттардың үлгілері кәсіби этнографтардың бүгінгі күнге дейін ұзақ әрі мақсатты түрде жүргізген жұмыстарының нәтижесінде сақталды.
       Көрменің заттық кешенінің байлығы және таң қаларлық тұтастығы XIX ғасырдағы билік элитасы өкілдерінің өміріндегі әртүрлі көріністермен толық көлемде танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ экспозицияда сән-салтанат және киім, музыкалық аспаптар және исламдық ғибадат заттары, шерулік қару-жарақтар және ат жабдығы, аушы құстармен аң аулау көріністері ұсынылған.