Шілде 2018

2018 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 13941 адам келді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығына» келушілер саны – 4415 адам болса, Кітапхананың Музей ғимаратына келген келушілер саны 9526 адам болды.

Құрметті қонақтардың қатарында Елбасы Кітапханасының экспозицияларымен Ресей Федералдық Жиыны Мемлекеттік Думасы төрағасының орынбасары С.И. Неверов бастаған делегацияның құрамында: Халықаралық істер бойынша комитеті төрағасының орынбасары - И.К. Роднина, федеративті құрылым және жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтары бойынша комитеті төрағасының орынбасары - В.В. Терешкова; Крэнфилд университетіндегі аэроғарыш мектебінің өкілдері - Ян Холлингворт, Фрэнк Юкэс , Эндрю Хоултон; ҚР Украинаның Төтенше және Өкілетті елшісі Иван Кулеба; ҚР Кореяның Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэсик; цирк өнерінің «Азия жаңғырығы» ХІ Халықаралық фестивалінің қатысушылары (ТМД, Вьетнам, Канада, Никарагуа) танысты.

Қонақтар өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.