«Шығыс өрнектері» қор көрмесі

20 желтоқсан 2013 жыл – 10 наурыз 2014 жыл

      «Шығыс өрнектері» қор көрмесі

      «Шығыс өрнектері» көрмесі Шығыс елдерінің бай да алуан түрлі мәдениетінің бір қырын ашты. Экспозицияда сәндік-қолданбалы өнердің бірнеше түрінің туындыларын топталған: қолдан кілем тоқу, кестелеу, ыдысты әшекелеу. Көрмедегі экспонаттардың шыққан өңірі батыстағы Жерорта теңізінің жағалауынан бастап шығыстағы Жапон теңізінің жағасына дейінгі кеңістікті қамтыды.  «Шығыс өрнектері» көрмесі әрқилы, сонымен қатар біріне-бірі ұқсас Шығыс елдері мәдениетінің ерекше колоритін сезінуге мүмкіндік берді.