Сәуір 2018

2018 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 8406 адам келді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 109 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 3204 адам болды. Кітапхананың Музей ғимаратында 136 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 5202 адам болды.

Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер және Қазақстанның әр өңірінен, сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.

Елбасы кітапханасының экспозицияларымен РФ Бас прокурорының орынбасары – Бас әскери прокуроры Петров Валерий Георгиевич; «Единая Россия» партиясының делегациясы және партияның Бас кеңесінің хатшысының орынбасары Железняк Сергей Владимирович; Норвеги Парламентінің өкілдері; ҚР Болгария елшілігінің қонақтары; Вьетнам Социалистік Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі То Лам;    ҚР Мемлекеттік Күзет Қызметі; ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығы; Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары; «Тәуелсіздік бастауында» көрмесінің қонақтары; Сингапур, Түркия, РФ, ҚХР, Франция, АҚШ, Ирландия, Якутия, Беларусия, Канададан келген туристер танысты.