Суретші Ренат Елубаевтың «Көңіл суреті» атты жеке көрмесі

23 сәуір – 23 мамыр 2014 ж.

 
      Суретші Ренат Елубаевтың «Көңіл суреті» атты жеке көрмесі
 
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде суретші, халықаралық  «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты Ренат Елубаевтың «Көңіл суреті» атты жеке көрмесі өтті. Көрме Музейдің «Үкілі үміт» атты шығармашыл жастарды қолдауға арналған жобасы аясында ұйымдастырылды.
      Жас суретші 2005 жылы халықаралық  «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты атанды. Ол дарынды ақын және кинорежиссер, бірақ бейнелеу өнерін өзінің басты өмірлік ісі деп табады. Автордың көркемдік стилінің қалыптасуына голландтық суретші Винсент Ван Гог айтарлықтай әсер еткен. Өз ісіне жеттік адамдар әйгілі суретші-импрессионист пен жас автордың жұмыстарының кейбір ұқсастықтарын байқайды. Өмірдің барлық көріністерінен шабыт күшін жинап соңғы жылдары  Ренат Елубаев тынбай және жемісті еңбек етіп келеді. Экспозицияда оның 2013-2014 жылдары жасаған 29 жұмысы қойылды.