Суретші-зергер Берік Әлібайдың «Халық қазынасының мұрагері» атты жеке көрмесі

12 қараша – 15 желтоқсан 2014 ж. 

Суретші-зергер Берік Әлібайдың «Халық қазынасының мұрагері» атты жеке көрмесі

   Белгілі зергер, Халықаралық  Карл Фаберже  орденнің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Берік Әлібайдың «Халық қазынасының мұрагері» атты жеке көрмесі Музейдің серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылды.
     Берік Әлібайдың жұмыстары қазақ халқының сәндік-қолданбалы шығармашылығының керемет дәстүрін бойына сіңірген зергерлік бұйымдардың биік үлгілерін танытады. Шебердің бұйымдары өзіндік ойы мен философиялық мазмұны жағынан өте терең.
     Берік Әлібайдың авторлық зергерлік жұмыстары екі көрме залдарында орналасты. Онда қазақ батырларының қару-жарақтарын, дәстүрлі қазақ қоғамына тән хандардың билік нышаны – асатаяқтарды көруге мүмкіндік болды. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдары: қос білезіктер, сырғалар, бойтұмарлар, өңіржиектер, жүзіктер қонақтарды бей-жай қалдырмады. Экспозицияға қойылған бұйымдар маржан, малахит, лағыл, ақық сынды асыл тастармен безендірілген. Көрме қонақтарға қазақ зергерлерінің дәстүр сабақтастығын, зергерлік өнер үлгілерінің әр алуандығын көрсетіп, Қазақстаның мәдени мұрасының ең бір жарқын беттерін әлемге паш етті.