«Суреттерде бейнеленген тағдырлар» көрмесі

29 наурыз - 10 сәуір 2017 ж.
 
Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорынан ұйымдастырылған «Суреттерде бейнеленген тағдырлар» көрмесі.
 
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында кітапхананың «Ұлттық игілік» музейаралық көрме жобасының аясында Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің 25 жылдығына арналған «Суреттерде бейнеленген тағдырлар» көрмесі өтті. 
 
Кезінде, 2008 жылы дәл осы Атырау облысының музейлері (ол кезде ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің) «Алға ұмтылған Қазақстан» ауқымды жобаны бастап берді. 2011 жылы Атырауда Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан көрме ұсынылған болатын. Міне, атыраулық әріптестерге мерейтойлық жылы, жемісті серіктестіктің нәтижесінде Астанада бірегей оқиғалардың біріне айналды.
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директорының орынбасары Күляйша Ақтаева көрменің ашылу салтанатындағы сөзінде:
 
«Алға ұмтылған Қазақстан» жобасы»  елорда тұрғындары мен қала қонақтарын Қазақстанның аймақтарының тарихымен, этнологиясымен және мәдениетімен таныстыруға бағытталды. Жоба аясында 12 облыстың музей жинақтарынан көрмелер өткізілді. Бұл жобаның іске асырылуы облыстық тарихи-өлкетану музейлермен серіктестік қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығарды. Музей қонақтарының тарапынан Атырау облысының музей қорларынан жинақталған, аймақтың тарихи-мәдени мұрасын ұсынған «Жайық жағалауы сыр шертеді» көрмесі үлкен қызығушылық туғызды. Осы ұйымдастырылған көрме де атыраулық суретшілер мен мүсіншілердің мәдени әлемімен таныстырды.  
 
Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы музейдің алдағы жоспарларымен таныстырды: «Біздің музейіміз үшін ағымдағы жыл мерейтойлық болып табылады. Музейіміздің 25-жылдығын және Ш. Сариевтің 80-жылдығын біз бірқатар іс-шаралармен атап өтуді жөн көрдік. Бұл көрме – алғашқы мерейтойлық іс-шара. Сонымен қатар, халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференция ұйымдастырылады. және Ш. Сариевтің жеке көрмесі өтті.  
 
25 жылда біз шағын сурет галереясынан танымал өнер музейі деңгейіне дейін  жеттік. Біздің алғашқы көрмелеріміздің мақсаты музейді таныстыруға, Атырау облысындағы осындай мәдени ошақ бар екендігін түсіндіруге бағытталған болатын. Қазіргі көрме есептік деп айтуымызға болады, себебі, үш жылда атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді». 
 
Көрменің құрметті қонақтарының қатарында Ш. Сариевтің жұбайы –                     Ш. Сариев атындағы Қор директоры, педагогикалық ғылымдардың докторы, профессор Күлпаш Сариева болды. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында К. Сариева өзінің жұбайының шығармашылық жолы, өмірбаяны және Ш. Сариев атындағы Қордың қызметі жайлы баяндады: «Ш. Сариев өз Отанының нағыз патриоты еді. Және де Қордың қызметі қазақ халқының материалдық және рухани байлығын насихаттауға бағытталған. Біз «Әдіскер», «Елтану», «Суретті қазақ тілі», «Қазақ тілі өлкетану», «Кәсіптік қазақ тілі» және т.б журналдар сериясын шығарамыз.
 
Ш. Сариев ерекше ойлау қабілетімен ерекшеленетін өте дарында тұлға болатын. Қазір біз оның оның өлеңдер жинағын басылымға дайындау үстіндеміз. Суреттерде ашылмаған тақырыптар оның өлеңдерінде көрініс тапқан. Оның өлеңдері өзінің ерекшелішімен танымал. Суретші өзінің кейбір өлеңдерін өзінің бала кездегі досы Ф. Оңғарсыноваға арнаған.  Сонымен қатар, ол өнер трактаттарын жазған Қазақстандағы жалғыз суретші».
 
Көрмеде Шаймардан Сариев, Жоламан Аралбаев, Қамбарбек Аманов, Рафаэль Слекенов, Исім Арыстанов сынды және басқа да атыраулық суретшілердің жұмыстары көрермен назарына ұсынылды. Көрменің кескіндемелік жұмыстар топтамасы ерекше дарын иелерінің ой ұшқырлықтары мен асқан шеберліктерінен туындаған: портрет, пейзаж, натюрморт сынды кеңінен тараған жанрларда орындалған. Барлық авторларға тән ортақ ұқсастық –табиғи және заттық әлемнің әсемдігі мен құпия сырларын ашуға деген қызығушылық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін білдіреді. 
 
Кескіндемелік жұмыстарында кейбір суретшілер  бейнелеу өнерінің тың бағыттарына құлаш ұрса, өзгелері дәстүрлі бағытты қайта жасауға талпынады. Ал кейбір туындыларда элегиялық мұң басым болса, кейбірінде суретшілер әдеттегі қарапайым зат арқылы өз ойларын көрерменге жеткізеді. Кескіндеген бейнелері арқылы өздерінің ішкі рухани байлығын, көңіл-күйлерін көрсетуге тырысады.
 
Қамбарбек Аманов, Қабдол Досниязов туындылары табиғат пен адам арасындағы үндестікті, жеке авторлық ұстанымы мен жан дүниесін айқын көрсетеді.  Аспан, су, жер - қолданыстағы оқшау және бөлінбеген, бейнелер тұтас және аяқталған нәрсе ретінде беріледі. Композициялардың барлық компоненттері біріктірілген  және пейзаждың барлық бөліктері өзінің көңіл-күйінен хабар береді. Шаймардан  Сариевтің қылқаламына, өте бірегей және қайталанбас сары-қоңыр бояулар реңі тән.
 
Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің экскурсиялық бөлім меңгерушісі Зәуреш Нұрпейісова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Әр музей – бұл бірінші кезекте қор. Сондықтан біз Астанаға өзіміздің қорымыздағы ең жақсы жәдігерлерді әкелдік. Бұл жәдігерлер біздің өнер майталманы, алпысыншы жылдардың шығармашыл толқынының жарқын өкілі Шаймардан Сариевтің туындылары. Шаймардан Сариевтің бейнелеу өнердегі алғашқы қадамдарынан-ақ оның ерекше талант пен дарын иесі екендігі белгілі болды. Әсірісе оның 60-шы жылдардағы ұлттық нақышқа толы кескіндемелік жұмыстары көрермен тарапынан өлкен қызығушылық туғызды. Сол кезеңде суретшінің өзі айтқандай: «Мен суреттерді қазақи тұрғыда пайдаланамын». Сонымен қатар, көрмеде Ш. Сариевтің ізін қуған жас суретшілердің жұмыстары ұсынылды. Осындай көрмелердің өткізілуі – тек музейлер арасындағы серіктестік емес, сонымен қатар білім, әдіснама және тәжрибе алмасу». 
 
 
 
Жалпы алғанда, көрме Атырау облысының қазіргі заманғы суретшілері мен қолөнершілер шығармашылығының  өзіндік әлдебір бөлігін ғана көрсетті. Барлық авторлардың, көрмее ұсынылған туындылары, қалыптасқан авторлық жазумен, күрделі және суретшінің өзіне ғана тән қайталанбас қолтаңбасы болып табылады.