«Сыр бойы тұнған шежіре» көрмесі

  

2008 жылдың 12 қыркүйегінде

       Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Алға ұмтылған Қазақстан» жобасы аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан ұйымдастырылған «Сыр бойы тұнған шежіре» атты көрме ашылды.
Көрмеге Сырдария өңірінің ғасырлық тарихы туралы баяндайтын фотоматериалдар, мұрағат құжаттары және музей құндылықтары қойылған. Музей құндылықтарының арасында ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстан астанасы Қызылорда қаласының тарихынан сыр шертетін құжаттар мен мәдени мұра бұйымдарының алатын орны ерекше.
1729-1920 жылдары Санкт-Петербор, Мәскеу, Ташкент қалаларында түркі, араб, парсы тілдерінде басылып шыққан кітаптарды зкспозицияның шын мәніндегі інжу-маржаны деп айтуға болады. Қорқыт ата кітабының қолжазба мәтіндері ерекше, бірегей / Қорқыт-Ата: оғыз тіліндегі эпикалық поэма туралы әңгіме, Ватикан мен Дрезденде сақталған қолжазбаның түпнұсқасынан аударылған, Хұсамадин - әл Сығанақ кітаптарының үлгісі.
Сырдария өңірі – ән мен жырдың өлкесі. Мұнда белгілі жыршылар, күйшілер, жыраулар мен ақындар дүниеге келген. Бұл өңірдің атақты суретшілері - О. Мамақова, И. Ағытаев, Б. Тұрбаев, О. Шолақов, Ж. Махамбетов, Б. Жақыпов, К. Құлмамбетов және т.б. Экспозицияға түрлі стильдік бағыттарда орындалған сырдариялық кескіндеме шеберлерінің туындылары қойылған.