«ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ

Ағымдағы жылдың 23 мамырында сағат 9.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Хонда Қорымен (Honda Foundation) бірлесе отырып, «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында халықаралық симпозиум өткізеді.

Іс-шараға Жапониядан келген 18 ғалым мен Қазақстанның саяси, ғылыми және іскерлік ортасының беделді өкілдері қатысып, сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

Симпозиум жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, с.ғ.д., профессор Әмірхан Рахымжанов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Анарбек Қарашев, Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата, Хонда Қорының (HOF) президенті Хирото Ишида, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының президенті Шигео Катсу, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Тимур Тоқтабаев, Жапон Ғылым және технологиялар агенттігінің экс-президенті, доктор Мичихару Накамура, ҚР Энергетика министрлігінің вице-министрі Болат Ақшолақов, Хонда Қоры (HOF) халықаралық комитетінің төрағасы Акира Кожима, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Арыстан Қабыкенов қатысады.

Сарапшылардың талқылауына Жапонияның экологиялық, экономикалық және инновациялық саясаты салаларындағы жаңа басқару тәсілдері, сонымен бірге табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, оларды қорғау және қалпына келтірудегі жаңа қауіптерге деген пікірлер мен көзқарастар ұсынылады.

Секциялық отырыстарың тақырыптары: инновациялық технологиялар мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануының құқықтық аспектілері (өнеркәсіптік саясат, озық технологиялар саласындағы түрлі реформалар), экотехнология тәжірибесінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы табысты мысалдар (Жапония және Қазақстанның озық тәжірибелері), тұрақты қоғамға арналған келешек технологиялары (өнеркәсіп құрылымының трансформациясы үшін адам ресурстарын дамыту).

Сессия модераторлары – Қазақстан мен Жапонияның жетекші ғалымдары: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Қасым Жұмаділов, Ұлттық университеттің саяси ғылымдар жоғары мектебінің (GRIPS) профессоры, Хонда Қорының (НОF) директоры Тейто Аримото, «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ төрағасы, э.ғ.д., профессор Салтанат Рахимбекова, Ұлттық университеттің саяси ғылымдар жоғары мектебінің (GRIPS) вице-президенті, Хонда Қорының (НОF) директоры, доктор Сунами Ацуши, «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры, профессор, э.ғ.д., профессор Бақыт Есекина, Токай университетінің профессоры, Хонда Қорының (НОF) директоры, доктор Учида Хирохиза.

Халықаралық симпозиум ғалымдардың кәсіби пікір алмасуына негізделген жаңа форматта өтеді, оның шеңберінде инновациялық технологияларды қолдану және іске асыру саласындағы нақты тәжірибелік баяндамалар ұсынылады.