Тамыз 2019

2019 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына 9248 адам келді, келушілерге жалпы 245 экскурсия жүргізілді. Оның ішінде: «Назарбаев орталығында» 134 экскурсия жүргізілді. Келушілер саны – 3874 адам. Кітапхананың Музей ғимаратында 111 экскурсия жүргізіліп, келушілердің саны 4303 адамды құрады.

Арнайы қонақтардың қатарында мектеп жылдарындағы естеліктерімен бөліскен Елбасының сыныптастары да бар.

Сонымен қатар, Елбасы кітапханасының экспозициясымен танысқандардың арасында: Германия, Үндістан, Канада, Кабо-Верде, Испания, Мексика, Уганда, Перуден Гарвард университетінде оқитын студенттер, «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Н. Назарбаев сыйлығының» салтанатты жиынына қатысушылары, соның ішінде атқарушы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының хатшысы, Лассине Зербо және Юкия Аманоның жұбайы бар.