«Тарихи таңдау. Жасампаздық» ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған қор көрмесі

26 қараша 2014 ж. - 30 қаңтар 2015 ж.

«Тарихи таңдау. Жасампаздық» ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған қор көрмесі

     ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Тарихи таңдау. Жасампаздық» тақырыптық көрмесі, ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған, музейдің «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының жалғасы. Көрменің басты мақсаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттілігін қалыптастырған алғашқы реформалардың маңыздылығы  кең ауқымда баяндалды.
    1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы Н. Ә. Назарбаевты өзінің тұңғыш Президенті ретінде сайлап, тарихи таңдау жасады. Н. Ә. Назарбаев өзінің ұлықтау рәсіміндегі сөзінде жас мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттерді атап өтті. Бұл еліміздің болашақ даму жолын айқындаған стратегиялық бағдарлама болатын. Көрмеден Елбасымыз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тәуелсіз, демократиялық мемлекет қалыптастыру, ядролық қарудан бас тарту, ұлттық валюта енгізу, алғашқы интеграциялық процестердің негізін салу мен басқада елеулі істері жайлы баян ететін мұрағат материалдары қойылды.
      Көрмеде ерекше маңызды орын алған құжаттар: Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы және келесі жылы 20-жылдық мерейтойы атап өтілетің Қазақстан Республикасының Конституциясы. «Тарихи таңдау. Жасампаздық» көрмесі Қазақстанның даму жолының алғашқы жылдарына көз жүгіртіп, сонымен қатар – 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы халықтың дұрыс таңдау жасағандығына тағы бір мәрте дәлелдеді.