ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ АЙШЫҚТЫ БЕЛГІСІ

Альбом «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені» ғылыми бағдарламасы «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.

Басылымда ұлттық валютаның енгізілу тарихы, теңге дизайнының көркемдік ерекшеліктері мен қорғаныс белгілері және отандық ақша жасау кәсібінің қыр-сырлары Елбасы Кітапханасының электронды архиві қорының тарихи фотосуреттері мен дәстүрлі құжаттары, қор жәдігерлері арқылы қарастырылады.

Альбом оқушылар мен студенттерге, ұстаздарға, музей қызметкерлеріне, зерттеушілерге, жалпы көпшілік оқырман қауымға арналған.