«Тәуелсіз Қазақстанның сәулетшісі» экспозициясы

Қазіргі заманғы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.А. Назарбаевтың қызметімен тығыз байланысты.

Біздің еліміздің жоғары халықаралық беделі, экономиканың табысты реформасы, өнеркәсіп пен инфрақұрылымды дамытудың ауқымды бағдарламаларын іске асыру, ішкі саяси ахуалдың тұрақтылығы Қазақстан Н. Ә. Назарбаев көрсеткен Тәуелсіздік кезеңінде таңдаған бағыт – бағдардың сенімділігінің айғағы болып табылады.

Бұл бөлімде мемлекеттік егемендікті алу тарихы мен қазіргі заманғы мемлекеттіліктің табысты, тұрақты қалыптасуының өзегіне айналған алғашқы тағдыршешті қадамдар туралы куәландыратын кітаптар мен мұрағаттық материалдар сонымен қатар музейлік жәдігерлер де ұсынылған.