Тәуелсіздік бастауында» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді

2019 жылғы 31 қаңтарда Елбасы кітапханасының музейінде №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына «Тәуелсіздік бастауында» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында жасөспірімдер Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу тарихымен және қазіргі заманғы мемлекеттіліктің сәтті, тұрақты қалыптасуының өзегі болған алғашқы тағдыршешті қадамдарымен танысты.

Экскурсанттар бірегей мұрағат құжаттарының, фотосуреттердің, газет басылымдарының бірегей таңдамаларын, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюының негізгі кезеңдерін ашуға шынайы қызығушылық танытты. Тақырыптық экскурсияның соңында студенттер «Тәуелсіз Қазақстан» деректі фильмін тамашалады.