«Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» экспозициясы

«Тәуелсіз Қазақстан» көрме галереясы

«Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты» экспозициясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен даму тарихына арналған.

 Экспозицияда Н. Ә. Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудың тарихи негіздері мен тұжырымдамалық принциптерін баяндайтын еңбектері, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы қазақстандық және шетелдік авторлардың кітаптары қойылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітаптары отандастарымыздың арасында ғана емес, шетел оқырмандарының арасында да үлкен қызығушылық тудырады. Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары 30-дан астам шет тіліне аударылған.

 Тәуелсіздік жылдары Елбасы басшылығымен елеулі экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Сіздердің назарларыңызға біздің мемлекетіміздің астанасына арналған, мысалы, «Ақордалы Астана», «Бағаналы орда, басты орда», «Астана», экономикасына «Қазақстан - жетістіктерге апаратын жолдар» және біліміне Н.Ә. Назарбаев «Когда мысль материальна»: Қазақстан Президентінің әлемдегі және Қазақстандағы ірі оқу және ғылыми орталықтарындағы  оқыған дәрістері мен сөйлеген сөздері, Қазақстан халықтары Ассамблеясына, «Нұр Отан» партиясына, жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабының шетел тілдеріне аударылған нұсқалары және т.б. кітаптары ұсынылған.