Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі

Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Астана қаласы, 21 қараша 2011 ж. Путь независимости: история, реалии и перспективы: мат. Международной науч.-практ. конф., г. Астана, 21 ноября 2011 г. / Ғыл. ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2011 – қазақша, орысша.
Жинаққа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары еніп отыр.
Мұнда тәуелсіздік алу және жаңа мемлекеттілікті құру, Мемлекет басшысы – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық бастамаларының тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы рөлі; елді әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық жаңарту перспективалары мен бағыттары; тарихи бағыттағы музейлердің қазіргі кезеңдегі ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық потенциалының өзекті мәселелері талқыланды.
Конференция жұмысына мемлекеттік ұйымдар, елшіліктер, ғылыми және музей қоғамдастығы, студенттік қоғамдастығының өкілдері қатысты.