Тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері

«Тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жұмыс тәжірибесінен)» / Ғылыми редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова; автор-құрастырушы Р. Қазбекова. – Астана, 2011.
Осы кітапша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының қалыптасу және дамуындағы саяси бастамалары» білім бағдарламасы аясында дайындалды.
Жұмыста тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері, әлеуметтік-мәдени институттар жүйесіндегі музейдің рөлі ашылып, тұлғаны әлеуметтендірудегі музей педагогикасының мәні көрсетілген, оқушының өз ойын білдіру талаптарын, әлеуметтік дағдылануын жүзеге асыруға көмектесетін музейлік коммуникацияның интерактивтік формасы мен тәсілдері ұсынылған, музейдің білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі қорытындыланған.
Кітапша материалдары музейлер әлеуетін пайдалана отырып, оқушыларды әлеуметтік тәрбиелеу саласында ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік береді, музей ісінің қызметкерлеріне, әлеуметтік жұмыс жасайтын мамандарға, әлеуметтік педагогика факультетінде оқитын студенттерге арналған, көпшілік әлеуметтік сала қызметкерлеріне де көмегі болады.