УАҚЫТ ҚҰДІРЕТІ: МУЗЕЙ ТОПТАМАСЫНЫҢ КАТАЛОГЫ

Уақыт құдіреті: музей топтамасының каталогы /жалпы баспа бойынша А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева; құр.-авт. А. Н. Дөненбаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2016. – 60 б.

Каталогта алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы сағаттар топтамасы туралы мағлұматтар беріліп отыр.

Ғылыми қор жұмыстарының нәтижесінде коллекцияның тақырыптық топтары бойынша мәліметтер жүйеленген. Каталогта тақырыптық топ бойынша мағлұматтар қысқаша тарихи анықтама түрінде, музейдің сипаттамалық мәліметтері түрінде берілген: типі, материалы, авторы (бар болған жағдайда), жылы, сыйға тартушы, оқиға. Сипаттамалар түрлі-түсті суреттермен, дизайн ерекшеліктерінің бөліктерімен, жасау техникасымен, естелік жазуларымен толықтырылған.

Көрнекіленген каталог музей және кітапхана қызметкерлеріне, зерттеушілер мен мұғалімдерге және көпшілік оқырман қауымға көмек ретінде басылып шығарылған.