«Ұлт жауhарлары» антикварлық бұйымдар көрмесі

9 мамыр – 30 мамыр 2014 ж.

     «Ұлт жауhарлары» антикварлық бұйымдар көрмесі

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Әдемі-Ай» өнер мұражайының коллекциясынан «Ұлт жауҺарлары» атты антикварлық бұйымдар көрмесі өтті. «Әдемі-Ай» өнер мұражайы 2011 жылы белгілі коллекционер, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің бастамасымен ашылған болатын. «Ұлт жауhарлары» көрмесі көпұлтты Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттап, көпшілікке таратуға бағытталған Музейдің серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылды.
      Бахаргүл Төлеген өз өмірін қазақтың ұлттық мәдениетін насихаттауға, әрі құнды тарихи жәдігерлерді жинақтап сақтауға арнады. 2010 жылы Бахаргүл Төлеген Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері деген атаққа ие болды. Сол жылы еліміздің 30 танымал әйелдері қатысқан «Қазақстан әйелі - 2010» жобасының жеңімпазы атанды. 2011 жылы ол түркі халықтарының алтын және күміс антикварлық бұйымдарының Қазақстандағы бірден-бір жеке мұражайын ашты. 2013 жылы Бахаргүл Төлеген «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.