«Ұлт жоспары және тарих ғылымы» дәрісі өткізілді

 2016 жылдың 18 наурызында Еуразия гуманитарлық институтының студенттеріне «Ұлт жоспары және тарих ғылымы» дәрісі өткізілді.

      Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Х.М. Әбжанов қазіргі кезеңдегі Қазақстанның тарих ғылымының мәселелерін ашып, тарихты зерттеу саласындағы жетістіктер, қазақстандық тарихшы ғалымдардың жаңа кітаптар шығаруы мен жобалары туралы атап өтті.