«ҰЛТТАР МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН МЕКЕН» КӨРМЕСІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» көрмесін ұсынады.

Көрме экспозициясы қалың көпшілікті Елбасының жеке архив материалдары, қоғамдық наградалары топтамасымен, кітаптары және осы тақырыпты баяндайтын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жинағынан алынған басқа да материалдармен таныстырады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздің аумағында тұратын этникалық топтардың өкілдері жақын және алыс шет мемлекеттермен өзара гуманитарлық және мәдени  іс-қимылдарды дамыту арқылы, алғаш рет  шекара маңындағы ынтымақтастық тақырыбын айқын баяндайды.

Жеке бөлімде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызмет барысына әлемдік қауымдастықтың берген бағасы, ол этносаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі ретінде тақырыптың халықаралық аспектісі ұсынылған.