Ұлттық валюта енгізілуінің 20 жылдығына арналған «Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны» атты көрмесі

13 қараша 2013 ж. – 20 қаңтар 2014 ж.

Ұлттық валюта енгізілуінің 20 жылдығына арналған «Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны» атты көрмесі

     «Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны» көрмесі  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының қолдауымен ұйымдастырылды.
      Қазақстан теңгесі, басқа да нышандармен қатар мемлекет егемендігінің шынайы атрибуты болып және пайда болған сәтінен бастап, еліміздің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі барлық сынақтардан мүдірмей өтіп келеді. Ұлттық валютаның енгізілуі - дербес ұлттық экономиканың бастамасы және республикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды құрал болды.
Өткен көрме Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің қалыптасуы мен нығаюының 20 жылдық тарихын көз алдымызға елестетуге мүмкіндік берді. Көптеген жәдігерлер қатарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жеке мұрағатынан ұсынылған бірегей жұмыс жазбалары да болды.  Алғаш рет келушілер назарына теңге мен тиындардың алғашқы үлгілерінен бастап, қазақстандық валютаға дүниежүзілік даңқ пен халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын берген инвестициялық және коллекциялық монеталарға дейінгі қазақстандық нумизматиканың толық топтамасы ұсынылды.