Үндістанның «Үнді шеберлігінің әдемілігі» атты сәндік-қолданбалы және зергерлік өнерінің көрмесі

29-30 сәуір 2008 жыл.

Үндістанның «Үнді шеберлігінің әдемілігі» атты сәндік-қолданбалы және зергерлік өнерінің көрмесі

      Музей түрлі халықтар мен елдердің үнқатысуына жағдай туғызатын мәдени бастамаларды белсенді түрде іске асырады. Бұл көрме елшіліктер мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мәдени орталықтардың қатысуымен өтетін «Мәдениет арқылы үнқатысу» тақырыбындағы мәдени-көрмелік іс-шаралар сериясын ашып отыр.
Үндістан – кескіндеме өнеріндегі өзінің шеберлігімен, жібек және алтын жіптермен әдіптелетін кестесімен, керемет тастардан, металдардан және ағаштан жасалған мүсіндерімен, сондай-ақ ойып жасалған бірегей бұйымдары мен таңдаулы әшекейлерімен әйгілі ел. Өнеркәсіптік өндірістің жедел қарқынмен өсуіне қарамастан, үнді қолөнер бұйымдары сол қалпында баяғыша танымал. Экспозициядағы алтын мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың, жарқырауық асыл тастар қиыршықтарының орны айрықша.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Үндістан Республикасының Елшілігі, Үнді мәдени орталығымен бірлескен белсенді қызметінің нәтижесінде қала тұрғындары мен қонақтары екі күн бойы үнді көркемдік қолөнерінің көп қырлы ұлылығын тамашалап, баға беруге мүмкіндік алды.