Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы еліміздің қарқынды дамуына жаңа серпін береді. Стратегиялық құжат халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады, Қазақстан экономикасын дамудың жаңа кезеңіне жетелейді. Алмағайып замандағы жаһандық сын-қатерлерге жауап беретін Жолдаудың маңыздылығын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызметкерлері алға тартып отыр.

Ivatova фото [1] (1)
Ляйля Иватова, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы, профессор:
Елбасы биылғы Жолдауында 5 басымдыққа ие міндетті белгіледі. Оның арқасында экономкамыз жаңғырып, кәсіптік ортаны дамыту шарттары жақсарады, макроэкономикалық тұрақтылық және қазақстандық қоғамның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, адами капиталды дамытудың жаңа сапалы деңгейі қалыптасады.
Меніңше, төртінші басымдық – адами капиталды жетілдіру өте маңызды. Елбасы «білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру» маңыздылығын атап өтті. Ұсынылған міндеттерді жүзеге асыру адами капиталға артылады. Бұл бағытта жоғарғы оқу орындарындағы педагогикалық кадрлар құрамына және білім беру бағдарламаларына талаптарды күшейту – өзекті мәселе. Соңғысын еңбек нарығы талаптарын ескеру арқылы қалыптастырған абзал. Оқудың нәтижесі талапкерлерге де, жұмыспен қамтамасыз етушілерге де түсінікті болуы тиіс.
Бесінші басымдық ретінде Н.Ә.Назарбаев институционалдық өзгерістерді, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күресті белгілейді. Қазақстан елдегі жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасады. Негізгі екпін жемқорлықтың зардаптарымен күреске қойылды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы іспетті күнделікті өмірімізге байланысты салалардағы жемқорлық аса қауіпті. Бұл салалардағы жемқорлық деңгейінің жоғары болуы мемлекеттік органдарға деген сенімді төмендетеді.
Құқықтық және демократиялық ел үшін мемлекеттік биліктің ашықтығы мен мөлдірлігі маңызды мәселе болып табылады. Барлық деңгейдегі билік органдары қызметінің мөлдірлігі олардың қызметі және қабылданған шешімдері туралы ақпараттың халыққа қолжетімдігін қамтамасыз етеді.

0U3A5672-1
Ғазиз Телебаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор:
Жолдау технологиялық, заманауи, нақты және дәйекті. Құжатта әрбір қазақстандыққа байланысты өзекті және маңызды мәселелер көтерілді.
Биылғы Жолдаудағы кейбір мәселелер  бұған дейінгі стратегиялық құжаттарда көрініс тапқан, бірақ барлық заманауи процестердің құрамдас бөлігіне айналған сандық технологияларға тұңғыш рет екпін жасалды. Заманауи технологиялардың игілігін тұрмыста сезінеміз. Электрондық  дүкендер мен онлайн-банкинг қызметіне жүгіну бүгінде таңсық емес. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында да кезекте тұрудың қажеттігі артта қалды. Анықтаманы электрондық үкімет арқылы алуға мүмкіндік бар. Оның тиімді екендігі даусыз. Сондықтан ұқсас жаңашылдықтарды жаппай ендіру қажет.
Елбасымыз 3D принтерлер, электромобильдер іспетті жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға басымдық береді. Қазақстанның кең даласында пайдалануға ыңғайлы, табиғатқа тиімді, қаражат жағынан үнемді гибридті және толықтай жабдықталған электромобиль өндірісін қолға алған жөн. Оның арқасында бәсекеге қабілеттігіміз артып, жедел, заманауи, экономикалық тұрғыда тиімді атанамыз.
Толайым табысқа жету үшін адами капиталды дамыту қажет. Жастар үш тілді меңгеруі тиіс. Әлемдегі ақпараттың 90 пайызы ағылшын тілінде болса, қалған 10% басқа тілдерде жарық көреді. Қосымша білім алуға қажетті тың деректерді Интернеттен табуға мүмкіндік бар. Интернеттің қолжетімдігі – мемлекеттің дамуын сипаттайтын көрсеткіш. Сондықтан оны шағын ауылдар да пайдалануы тиіс. Оған қажетті оптикалық талшықты желілерді өзіміз шығара аламыз. Себебі еліміз түрлі-түсті металға бай.
Биылғы Жолдау болашаққа бағдарланған. Оның табысты жүзеге асыру жүгі жас ұрпаққа жүктеледі.

12794811_1079445815455122_273540064749576514_o
Қазбек Майгельдинов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Геосаяси және өңірлік зерттеулер қызметінің аға ғылыми қызметкері:
Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айшықтау. Ал оның басты мақсаты – «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін жүзеге асыру. Елбасы аталмыш стратегиялық бастама «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде орындалатынын қадап айтты.
Жолдаудағы бес негізгі басымдыққа баса назар аудару қажет. Оның ішінде Елбасының Үкіметке «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырмасы ерекше атап өткен жөн. Бұл тұрғыда жаңа өндірістерді қалыптастырудың маңызды бір шарты – инновацияларды қамтамасыз ету. Сол себепті үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде өндіріс қуаттарын еселеу айрықша маңызға ие.
Шынтуайтында, Жолдауда индустриалды-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді, білім мен ғылымды өркендету басымдыққа ие екендігі сөзсіз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы – тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуына жол ашатын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігіне бағытталған, нақты іс-жоспарға негізделген тарихи құжат.

0U3A5698-1
Тұрарова Дина, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы Геосаяси және өңірлік зерттеулер қызметінің аға ғылыми қызметкері:
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» – тәуелсіздік жылдарындағы тарихи әрі өршіл жолдау десек қателеспейміз. Әуелі негізгі идеяны, яғни экономикалық дамудың жаңа моделін құруға және еліміздің Үшінші жаңғыруын жүзеге асыруға назар аударған жөн. Елбасы Н.Ә.Назарбаев экономиканың жаңа секторларын өркендету және дамудың шикізаттық емес драйверлеріне көшу мәселесін алға тартты.
Белгіленген мақсаттарға инновациялық секторлар, өнеркәсіп, құрылыс пен агроөнеркәсіптік кешен іспетті өндірістік салаларға алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, қаржы жүйесіне жаңа серпін беру арқылы қол жеткіземіз. Сыбайлас жемқорлықпен және экстремизммен күрес, кәсіпкерлікті ынталандыру және экономикадағы мемлекеттің рөлін төмендету тәрізді маңызды факторлар да басымдыққа ие.
Үшінші жаңғыру – ел дамуының логикалық жалғасы, әлемдегі ең бәсекеге қабілетті Қазақстан экономикасын қалыптастырудың келесі кезеңі. Жолдауда белгіленген міндеттер тұрақты дамуға, сонымен қатар ең дамыған 30 елдің қатарына кіру стратегиялық мақсатына қол жеткізуге септігін тигізеді.
Биік мақсаттар барлық деңгейде уақыт пен қордың, оның ішінде кадрлар резервін талап ететіні анық. Сондықтан Елбасы биылғы Жолдауда адами капиталды арттырудың, білім мен ғылыми қамтымды салаларды жетілдірудің қажеттігін айқындады. Елбасымыз еліміздің стратегиялық дамуының кешенді көрінісін, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу мен алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылу жоспарын көпшілік назарына ұсынып отыр.