VIIІ ҚАЛАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ

2018 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті -Елбасының кітапханасында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Қазақстан халқына арналған Жолдауда жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру аясында тиімді ынтымақтастықтың перспективалары» атты VIIІ қалалық азаматтық форум өтеді.

Шараның ұйымдастырушылары: Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы, «Астана КЕҰ форумы» ЗТБ.   

Форумның мақсаты: ашық диалог және қоғамның ұлттық бірлігін нығайту мен азаматтық бастаманы дамыту үшін   үкіметтік емес ұйым мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күш жігерін жұмылдыру.

Форумның жұмысына Астана қаласының әкімі Б.Т.Сұлтанов, Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Д.А.Кәлетаев, Қазақстан Республикасы Парламентінің және қалалық мәслихаттың депутаттары, Астана қаласы мемлекеттік органдарының басшылары, ҮЕҰ, саяси партиялар өкілдері, БАҚ және тағы басқалары қатысады.

Форум аясында  Астана қаласының ҮЕҰ-дары жүзеге асырған әлеуметтік идеялар мен жобалар көрмесі өтеді. 2018 жылғы 19 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында өткізілген конкурстың қорытындысы бойынша 10 үздік әлеуметтік жоба жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.