Жапондық суретші Томоко Хоукёның «Жапонияның сұлулық әлемі» атты жеке көрмесі

23 қыркүйек  – 19 қазан 2014 ж.

Жапондық суретші Томоко Хоукёның «Жапонияның сұлулық әлемі» атты жеке көрмесі

     Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстандағы Жапония елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған көрме көп жылғы табысты серіктестіктің тарихын жалғастырды.
       Томоко Хоукё жапондық классикалық кескіндеменің ізбасары және дәстүрлі жапондық көркемөнер мектебінің мирасқоры болып табылады. «Нихонга» кескіндемесі (дәлме-дәл аудармасында – жапондық кескіндеме) – бұл стильдер мен жанрларды кең көлемде қамтитын Жапонияның бейнелеу өнерінің ежелгі және таңдаулы түрлерінің бірі. Бүгінде Жапонияда «Нихонга» сөзімен VIII ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі жазылған барлық ұлттық кескіндемені атайды.
     Жалпы жапон кескіндемесіне күнделікті тұрмыс пен жылдың төрт мезгілінің өзара тығыз байланысы тән. Жапонияда маусымдық өзгерістер анық байқалады, сондықтан да жапондық суретшілердің басым көпшілігі өз жұмыстарында әдетте, жапон мәдениетінің ерекшелігін көрсететін табиғаттың сұлулығын, әр маусымның гүлдерін, құстардың көріністерін бейнелейді. «Жапонияның сұлулық әлемі» көрмесі суретшінің Қазақстандағы алғашқы көрмесі болып табылды.
          Бұл көрмеден Астана қонақтары мен тұрғындары ай бойы жапондық дәстүрлі мәнерде орындалған кескіндемелер көрерменнің көзайымына айналып та үлгерді.