«Жасампаздыққа жол тарту» көрмесі

2011 жылдың 7 қазанында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған еліміз Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Жасампаздыққа жол тарту» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болды.
      Көрменің ашылу салатанатында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Б. Байсағатов, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі Елбасының Жеке мұрағатының жетекші сарапшысы Ж. Ахметова құттықтау сөз сөйледі.
      Көрменің мақсаты Қазақстанның қазіргі әлемдік қоғамдастықтағы орны мен рөлін, егемендікке қол жеткізген кезеңдегі жетістіктерімізді Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі тұрғысынан көрсету болып табылады.
      Көрмеге қойылған 163 экспонат Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде танудың айғағы болып табылады және сонымен бірге еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген басты табыстарын көрсетеді. Көрменің негізгі мазмұнын Н.Ә. Назарбаевтың еңбек, қоғамдық, саяси қызметін, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі және сыртқы саясатын айшықтайтын Елбасының Жеке мұрағатынан шығарылған құжаттар мен фотосуреттер, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Үндістан, Жапония, Еуропалық Одақ, Азия-Тынық мұхит аймағы, мұсылман елдері мен ТМД мемлекеттері мемлекет басшылары мен үкіметтері, делегацияларының сыйлықтары ашады. Олардың ішінде: АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтоннан табыс етілген алқа, АҚШ-тың экс-президенті Дж. Буш табыс еткен тостаған, Түркия Президенті А. Гюльдің сәндік тостағандары, РФ Президенті Д.А. Медведевтен берілген қобдиша, жапон және қытай мәдениетінің ерекшеліктерін көрсететін шиыршықталған-суреттер және т.б., сонымен бірге өз еңбектерінде ұлттық көзқарастары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын баяндайтын қазақстандық суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнері шеберлерінің жұмыстары бар.