2019 жылғы 12 ақпан күні, 16.00 сағатта Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған «Ұлы дала жастары» атты мәдени-көрмелік іс-шаралар топтамаларының салтанатты ашылуы өтеді.

          Елбасы кітапханасының архивтік, музейлік және кітап қорынан «Жастар – ел тірегі» кешенді тақырыптық көрменің  ашылуы. Көрме материалдары Қазақстан жастарын әлеуетін іске асыратын негізгі салаларды қамтиды: білім және ғылым, қоғамдық қызмет, мәдениет пен  спорт. Көрменің көркін ашатын – «Болашақ» президенттік бағдарламасының 25 жылдығына арналған бөлім.

Қазақстанның заманауи бейнелеу өнері шығармалары көрмесінің ашылуы. Бұл – Қазақстанның бейнелеу өнерінің заманауи үрдістерімен танысуға мүмкіндік беретін және шығармашылық байқауды жариялайтын алаң болмақ.

 Шығармашылық байқаудың жариялануы. Қазақстан Республикасының суретшілері, мүсіншілері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері және өнертанушылар арасында «Ұлы даланың ұлы есімдері»; «Қазақстанның қазіргі жастары суретшілер көзімен» тақырыптары бойынша үздік көркем шығармаларына байқауын жариялау. Байқау «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жазылған Елбасының жасампаз идеяларын жүзеге асыруға, және классикалық бейнелеу өнері мен баламалы жастар өнерінің креативтік әлеуеті арқылы «тарихи ұлы тұлғалар бейнесінің көкейтесті галереясын»  жасақтаудың бастамасы болады.

Байқау екі кезеңмен қорытындыланады: бірінші бөлімі – маусымда, екінші бөлімі – желтоқсан айында. Байқаудың нәтижелері бойынша үздік шығармалардың көрмесі ұйымдастырылады, лауреаттарды марапаттау салтанаты өткізіледі және байқау жұмыстарының каталогы басып шығарылатын болады. 

Байқаудың серіктесі «Астана қаласының суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігі болып табылады.