«ЖАСТАР-ЕЛ ТІРЕГІ» КӨРМЕСІ

«Елбасы» кітапханасының кітап, архивтік және музейлік жинақтарының жан-жақты тақырыптық көрмесі. Қазақстандағы қазіргі жастардың әлеуетін іске асырудың негізгі бағыттарын қамтиды:оларбілім және ғылым, қоғамдық ұйымдар, мәдениет және спорт. Мемлекеттік саясатты дамыту тарихы жас ұрпақтың жетістіктеріне тікелей әсер етті.Тәуелсіздік жылдарында жаңа жетістіктермен, табыс үшін құндылықтармен әлеуметтік белсенді азаматтардың жаңа мәдени түрі қалыптасты.

Сондықтан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы кездейсоқ емес: «Жас ұрпақ біздің сенімімізді ақтайтынына және Қазақстанды әлемнің 30 үздік мемлекеттер қатарына шығарады деген сенімдемін».