«Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» дәрісі өткізілді

2016 жылдың 18 қазанында «Астана Медицина университеті» АҚ студенттеріне «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» дәрісі өткізілді.

Қазіргі уақыттағы жастардың санасы күнделікті өмірдегі діни құндылықтардың артуымен сипатталады. Жастардың жаңа діни ағымдар мен қозғалыстарға, оның ішінде шетелден шыққан түрлеріне қызығушылығы артуда. Тұрақты құндылықтар жүйесі болмағандықтан, жастар көбіне деструктивті, тоталитарлық секталардың ықпалына түсуде.

Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бас ғылыми қызметкері, саяси ғылымдардың кандидаты Е.А. Щелокова қазіргі заманғы Қазақстандағы дін мен қоғамның арақатынасы мәселесін қарастыра отырып, жаңа діни ахуалдың өскелең ұрпаққа, жастардың әлеуметтік, азаматтық, рухани-адамгершілік дамуына тигізер ықпалына талдау жасауға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Дәріс барысында музейлік жәдігерлер, фото- және бейнеқұжаттар көрсетілді.