«Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» жобасы аясында дәріс өткізілді

2010 жылдың 7 сәуірінде «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» жобасы аясында «Лингва» шет тілдері колледжінің, Экономика және қаржы колледжінің, №5 мектеп-гимназияның оқушылары мен студенттеріне арнап «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» жобасы аясында дәріс өткізілді.

      Дәріскер, бас ғылыми қызметкер, п.ғ.к. Е.А.Щёлокова дәстүрлі емес діни ұйымдарға, олардың әдістері мен ерекшеліктеріне қатысты өзекті мәселелерді ашып берді, сонымен қатар Қазақстан жастары және олардың дінге көзқарастары туралы жастар арасында жүргізілген сауалнама деректерін келтірді.
      Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты мұнда дәстүрлі емес бағыттағы жаңа діни ұйымдар мен топтардың пайда болу және даму үдерісі байқалады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстандағы діни экстремизмнің қауіптілігі тек гипотеттік сипатқа ғана ие емес» екенін бірнеше рет атап көрсеткен болатын.
      Сондықтан бүгінгі күні қоғамдық өмірдің дін секілді саласына, әсіресе оның мемлекет пен қоғамның практикалық тұрғыдан өзара қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне барынша жіті назар аудару қажет.
      Барлық этникалық және конфессияаралық әралуандықтарға қарамастан, Қазақстанда Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ж.ргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында азаматтардың тыныштығы мен бейбітшілік сақталып отыр.