«Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы бойынша «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия сабағы өткізілдіі

2016 жылдың 14 қарашасында № 35 мектеп-лицейдің оқушыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Күміс залында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы бойынша «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия сабағы өткізілді. 


 

Музейдің Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Ж.Н. Молдабекова оқушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың халықаралық қызметіне, интеграциялық бастамалары мен еліміздің жетістіктерін кеңінен танытуға берілген бағасына дәлел болатын жоғары мемлекеттік наградаларымен таныстырды.

Сабақ барысында балалар наградалардың пайда болу тарихы және ТМД, Еуропа, Азия, Араб елдерінің марапаттау жүйесінің ерекшеліктерімен танысты.