«Жәдігерлер сыр шертеді...»: Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты сабақ-экскурсия өткізілді

2017 жылы 15 наурызда № 18 орта мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің Күміс залында «Жәдігерлер сыр шертеді...»: Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты сабақ-экскурсия өткізілді. 

Кітапхана Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Молдабекова Ж.Н. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаевқа табыс етілген жоғары мемлекеттік наградалар үлгісі бойынша оқушыларды ТМД, Еуропа және Азия елдерінің марапаттау жүйесімен таныстырды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің 200 сақтам бірліктен асатын наградалар қорына Н.Ә. Назарбаевқа Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттерден табыс етілген мемлекеттік және қоғамдық наградалары кіреді және музей коллекциясындағы негізгі қорлардың бірі ретінде айрықша маңызды орынға ие.