Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы - 4» атты жеке көрмесі

7 ақпан – 7 наурыз 2014 ж.

 
      Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы - 4» атты жеке көрмесі
 
      Белгілі суретші, график, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, публицист Жеңіс Кәкенұлының «Сәйгүлік семантикасы - 4» атты жеке көрмесі Музейдің серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылды.
      Экспозицияның басты кейіпкері ретінде қайырымды серік, адал дос, еркін сәйгүліктің бейнесі, яғни, суретшінің пайымдауынша адам сияқты ойлап, сезініп және әрекет ете алатын, кей кезде басқа қасиеттерімен одан асып түсетін жылқының бейнесі алынған. Автордың көптеген жұмыстары осы тақырыпқа арналған және әртүрлі көрмелерде бірнеше рет марапаттарға ие болған. Үш залға орналасқан экспозицияда, негізінен 2013 жылы дүниеге келген кескіндеме және графикалық туындыларды көруге болды.
      Суретшінің шығармашылығы үйлесімділік пен түстің таң қаларлық үні арқылы сезінетін шын поэтикалық бейне мен көңілдің нәзік өзгерістердің өзара сіңісуін жеткізуге  ұмтылған. Осы сериядан ұсынылған әрбір сурет жеке дара туынды болғанымен, топтастыра келе суретшінің бірыңғай рухани-мазмұнды ортасын құрайды. 2014 жылдың көрмелік маусымын нышанды түрде ашқан бұл көрме Жылқы бейнесін әр қырынан көрсетті.