Жоғары мемлекеттік наградалар топтамасы

Елбасы кітапханасының музейлік жинағының шынайы мақтанышы - 1997 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа берілген әлемнің 40-тан астам елінің жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей топтамасы.

Экспозицияда ұсынылған әрбір марапаттың өзіндік нышаны және бай тарихы бар,  олардың әрқайсысы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік саяси элита ретінде көптеген жетістіктерінің шынайы танылуының белгісі. Аталмыш коллекцияның ерекшелігі сол, ол үнемі толықтырылып отырады.