Жумабеков Ануар - Екібастұз қ. мамандандырылған "Зерде" дарынды балалар мектебінің 11-сынып оқушысы

27-02-2018

2016 жылдың қараша айында мен Павлодар облысының делегациясымен Елбасы кітапханасында өткен "Əлемді өзгертетін идеялар" семинар-тренингіне қатысып, Н.Ə.Назарбаевтың "5 институционалды реформасын жүзеге асырудағы 100 нақты қадам" Ұлт Жоспарымен танысқан болатынмын. Кейін, іс-шараның аяқталысымен, қатысушылармен аталған үлгідегі семинар-тренингті өз өңірімізде өткізуді ұйғардық. Нəтижесінде, дəл осы семинар-тренинг Павлодар облысы мамандандырылған мектептерінің оқушыларына, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қала мектептерінің оқушыларына семинар-тренинг қатысушыларының ұйымдастыруымен өткізілді. Семинар-тренингтен кейін мен Елбасы кітапханасында өткен бірнеше іс-шараның қатысушысы болдым. Осы мекеменің əрбір іс-шарасы үнемі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылады, Кітапхана ғимаратының өзі бір бөлек, ерекше əсер қалдырады. Ал жуырда, менің өтінішім бойынша, Тұңғыш Президент Кітапханасының ұйымдастыруымен Екібастұз қаласындағы "Зерде" мектебінде "Қазақстан жолы: Мəңгілік Ел" атты көшпелі семинар-тренинг өтті. Аталмыш бастаманы қолдап, оқушыларға керемет əсер, ерекше пікір қалдырған семинар-тренинг үшін Кітапхана басшылығына жəне шебер ұстаздар - Кітапхана сарапшылары А.Қ.Хамитова мен К.С.Исиноваға көп рахмет! Жастардың қоғамдық санасын қалыптастыруға қосып жатқан елеулі үлесі үшін "ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Кітапханасына" Павлодар облысының жастары атынан, өзімнің атымнан алғысымды білдіремін! Кітапхана ұжымына шығармашылық табыс, таусылмас қуат пен жаңа белестер тілеймін!